Германиядағы өртте 1 түрік әйел мен 3 баласы қаза тапты

Крайхтал ауданындағы бір жер үйде шыққан өртте 41 жастағы түрік әйел мен үш баласы қаза тапты.

1788842
Германиядағы өртте 1 түрік әйел мен 3 баласы қаза тапты

Германияның Карлсруэ қаласы маңындағы Крайхтал ауданындағы жер үйде шыққан өртте 41 жастағы түрік ана мен үш баласы қаза тапты.

Өртті сөндіру кезінде ауыр жарақат алған бір түрік азаматы да тікұшақпен ауруханаға жеткізілді.

Полиция жасаған мәлімдемеге қарағанда алдынғы күні жергілікті уақытпен сағат 13:10-да куәгерлер естіген қатты жарылыстың артынан тұтанған өрттің себебі іздестірілуде.

Дабыл қаққан өрт сөндірушілер шатыры жанып жатқан үйдегі өртті бақылауға алғанымен бір ана мен екеуі 6 және біреуі 8 жаста үш баласы қаза тапты.

Түркияның Карлсруэ бас консулы Бану Терзиоғлу өрттен кейін оқиға орнына барып, биліктен ақпарат алды және жан-жақты зерттелген оқиғаны қадағалайтындарын айтты.



Ұқсас жаңалықтар