"Ресей -террористік мемлекет"

Ресей азаматтық нысанарды аяусыз қиратып жатыр.

1788179
"Ресей -террористік мемлекет"

Ресей армиясының Украинаның Суми облысының Охтырка қаласындағы әскери бөліміне жасаған зымырандық шабуылынан 70-ке жуық сарбаз қаза тапты.

Суми губернаторы Дмитрий Живицкий Telegram-дағы аккаунтында Охтырка қаласындағы әскери бөлімге Ресей әскері соққы бергенін, шабуылда 70-ке жуық украин сарбазының қаза тапқанын хабарлады.

Губернатор жасақтар мен еріктілер әскери бөлімнің қирандыларында іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтты.

Қалада орыс сарбаздарының мәйіттерінің көп екенін айтқан губернатор бұл мәйіттерді жинап, Халықаралық Қызыл Крест ұйымына тапсырғандарын атап өтті.

Ресей армиясының Украинаның Харьков қаласындағы губернаторлық кеңсесіне жасаған зымырандық шабуылында 7 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Харьков губернаторы Олех Сыньехубов Telegram парақшасында жасаған мәлімдемесінде шабуылда алғашқы анықтамаларға сәйкес 7 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын және 24 адамның, оның ішінде бір баланың жараланғанын айтты. Губернатор Ресей армиясы Харьковте бейбіт тұрғындар мен азаматтық инфрақұрылымды аяусыз қиратқанын мәлімдеді.

Украина Төтенше жағдайлар қызметі жасаған мәлімдемеде Ресей армиясының бүгін таңертең жасаған зымырандық шабуылының губернаторлық кеңсеге, ғимарат орналасқан Азаттық алаңына және төңірегіндегі басқа ғимараттарға үлкен зиян келтіргені хабарланды. Ресей ұшақтарының бомбалауынан көпқабатты үй толығымен қирап, үйінділер астында көптеген адамның қалғаны жарияланды.

Украина президенті Владимир Зеленский Харьковке жасалған шабуылды әскери қылмыс деп атады.

«Бұл - Ресейдің мемлекеттік терроризмі. Ресей -террористік мемлекет. Мен бүкіл әлемді осы шектен шыққан шабуылға тиімді және жылдам жауап беруге және Ресейдің мемлекеттік террор жасап жатқанын мойындауға шақырамын. Біз лаңкестердің халықаралық сот алдында жауап беруін талап етеміз» деді Зеленский.



Ұқсас жаңалықтар