БҰҰ Украинаға 1,5 миллиард доллар тарту етеді

Біріккен Ұлттар Ұйымы Украинада зардап шеккен халық үшін қысқа уақыт ішінде 1,5 миллиард доллар тарту ететінін хабарлады.

1788336
БҰҰ Украинаға 1,5 миллиард доллар тарту етеді

БҰҰ Бас хатшысының мәлімдемешісі Стефан Дюжаррик күнделікті баспасөз жиналысында БҰҰ Гуманитарлық істерге жауапты бас хатшы орынбасары Мартин Грифиттстің Украинаның қажеттілігі үшін 1,7 миллиард долларлық жәрдем үндеуін тастағанын, сондай-ақ үндеуге орай мүше елдердің  1,5 миллиард доллар беру жөнінде  уәде бергендерін  мәлімдеді. 

Дюжаррик "Мартиннің гуманитарлық жәрдем үндеуі нәтижесінде мүше елдердің 1,5 миллиард долдар беру уәдесін  дұрыстады. Бұл гуманитарлық жәрдем үндеуіне осы таңға дейін берілген ең тез және ең жомарт жауаптың бірі" деді. 

Дюжаррик мүше елдерге Украина халқына жасаған "жомарт жәрдемі" үшін алғыс айтты.  

Стефан Дюжаррик БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасының санақтарына қарағанда Украинадағы соғыстарда 24-28 ақпан күндері аралығында 136 адамның қаза тапқанын және кем дегенде 536 адамның жарақат алғанын атап өтті. 

 



Ұқсас жаңалықтар