Ресейде валютаға тыйым салынды

Жарлыққа Путин қол қойды.

1787390
Ресейде валютаға тыйым салынды

Ресей азаматтарына шетел валютасымен шетелден несие алуға және шетелдегі банк шоттарына шетел валютасын салуға тыйым салынады.

Ресей президенттік сарайы Кремльден жасалған мәлімдемеде Ресейге қарсы санкцияларға қатысты шараларды қамтитын жарлыққа президент Владимир Путиннің қол қойғаны білдірілді.

Мәлімдемеде бұл қаулымен экспорттаушы ресейлік компанияларға шетел валютасын сату міндеттемесі жүктелгені атап өтілді.

«Халықаралық саудамен айналысатын компаниялар валюталық кірістерінің 80 пайызын уәкілетті банктерде сатуы керек» деп айтылды.

Мәлімдемеде елдегі валюталық операцияларға да кейбір тыйымдар салынғаны атап көрсетіліп, «Ресей азаматтарына шетел валютасымен шетелден несие алуға және Ресейден тыс банк шоттарына шетел валютасын салуға тыйым салынды» деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар