НАТО-дан Украинаға әскери және қаржы қолдауы

НАТО-ға мүше елдер Украинаға әскери және миллиондаған евролық қаржылай көмек жасады.

1786682
НАТО-дан Украинаға әскери және қаржы қолдауы

НАТО Украинаға мыңдаған танкке қарсы қару-жарақ, жүздеген әуе қорғаныс зымыраны және мыңдаған жеңіл қару-жарақ пен оқ-дәрі жіберілгенін жариялады.

НАТО-дан жасалған жазбаша мәлімдемеде одақтастардың сондай-ақ Украина күштеріне көмектесу үшін медициналық құрал-жабдықтарға қоса миллиондаған еуро көлемінде қаржылай көмек пен гуманитарлық жәрдем қамтамасыз етілгені атап көрсетілді.

Мәлімдемеде Бельгия, Канада, Чехия, Эстония, Франция, Германия, Грекия, Латвия, Литва, Нидерланды, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Ұлыбритания және Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Украинаға айтарлықтай көлемде әскери техника жібергені немесе қазір мақұлдау процесінде екені білдірілді.

Албания, Болгария, Хорватия, Дания, Венгрия, Исландия, Солтүстік Македония, Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Словакия, Словения, Испания, Ұлыбритания және АҚШ-тың украиналық босқындарға гуманитарлық жәрдем ұсынғаны немесе шекараларын ашқаны, Хорватия, Польша және Румынияның қазірдің өзінде босқындарды қабылдағаны хабарланған мәлімдемеде Италияның да Украина үкіметіне жедел қаржылық жәрдем қамтамасыз еткені білдірілді.

Мәлімдемеде «Түркия Украинамен қорғаныс саласындағы байланысын тереңдетіп, гуманитарлық көмек ұсынды» делінді.

Ресей әскерлері 24 ақпан күні Украинаға шабуыл бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар