"Кездесуге қаншалықты ерте отырса, Ресей соншалықты аз шығын береді"

Зеленский халыққа видео арқылы үн қатты.

1785092
"Кездесуге қаншалықты ерте отырса, Ресей соншалықты аз шығын береді"

Украина президенті Владимир Зеленский халыққа үн қатқан видеосында орыс күштерінің шабуылдарында бейбіт тұрғын немесе әскери деп бөлмегенін, орыс ұшақтарының әсіресе Киевте тұрғын үйлерді нысанаға алғанын білдірді. Зеленский «Елімізді жалғыз өзіміз қорғап отырмыз.  Әлемнің ең қуатты күштері алыстан қарап отыр.  Кешегі санкциялар Ресейді көндірді ме? Жеткілікті емес екенін аспанымызда да, жерде де көріп отырмыз» деді.

Зеленский Ресейдің ақыры соғысты тоқтату үшін Украинамен келіссөзге келетініне назар аударып, кездесуді қаншалықты ерте бастаса,  Ресейдің соншалықты аз шығыны болатынын атап көрсетті.

Президент кеше Украинаға қарсы наразылық білдірген орыстарға үн қатып: «Сізді көріп отырмыз. Сіз де бізді естіп отырсыздар.  Бізге сене бастадыңыз деген сөз.  Біз үшін күресіңіз.  Соғысқа қарсы күресіңіз» деді.



Ұқсас жаңалықтар