Қытай мен Украина министрлері сөйлесті

Сергей Лавров Ресейдің құқығы мен мүддесін қорғау үшін қажетті шараларды жасауға мәжбүр қалғанын білдірді.

1784720
Қытай мен Украина министрлері сөйлесті

Қытай Сыртқы істер министрі Вань И орыс әріптесі Сергей Лавровпен телефонда сөйлесті.

Ресей Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде министр Лавров телефонда Украинаға байланысты процесс және Ресейдің жағдайы жайлы мәлімет бергені білдірілді.

Америка Құрама Штаттары мен НАТО-ның үнемі шығысқа қарай ірге кеңейту арқылы кепілдіктеріне қайшылық жасағанын, Жаңа Минск келісімін атқарудан бас тартқанын және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2015 жылы қабылдаған 2202 номерлі шешіміне қайшылық жасалғанын айтқан Лавров Ресейдің құқығы мен мүддесін қорғау үшін қажетті шараларды жасауға мәжбүр қалғанын білдірді.

Сыртқы істер министрі Вань И Қытайдың барлық елдің егемендігіне және территория тұтастығына құрмет көрсететінін айтып:

"Сонымен бірге Украина мәселесінің былыққан және арнайы тарихи өреде екенін көрудеміз және Ресейдің қауіпсіздік мәселелеріндегі заңдық уайымдарын да түсінеміз. Қытай Қырғиқабақ соғыс түсінігінен толық арылу, кейінгі тепе-тең, ықпалды және жалғастыратын бір Еуропа қауіпсіздік механизмінің диалог және келіссөз жолымен шешілуі керектігін қабылдайды" деді. 

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығысындағы Донбассқа арнайы әскери  операция бастағандарын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар