Будапешт меморандумына қол қойғандарға шақыру

Украина парламенті Будапешт меморандумы шеңберінде кепілгер елдерден жедел қимылдауын сұрады.

1785356
Будапешт меморандумына қол қойғандарға шақыру

Украина парламенті Будапешт меморандумы шеңберінде кепілгер елдерден орыс агрессиясын тоқтату үшін жедел қимылдауын сұрады.

Парламентте қабылданған мәлімдемеде «Украинаның Жоғарғы Радасы Ресейдің Украинаға бағытталған қарулы агрессиясын ықпалды түрде тоқтату,  орыс жасақтары мен әскери көліктерін ел жерінен кері әкету үшін дерек қимылдауы және егемендіктің қайта орнатылуы үшін Украинаға шын көмек берілуі талабымен Будапешт меморандумына қол қойған елдерге шақыру тастайды» деп айтылған.

Украина ядролық қарудан тазаланғаннан кейін Ұлыбритания, Америка Құрама Штаттары мен Ресей тарапынан 1994 жылы қол қойылған Будапешт меморандумы Украинаның қауіпсіздігі мен территория тұтастығын кепілге алуды көздеген еді.



Ұқсас жаңалықтар