БҰҰ Украинаға 20 миллион доллар береді

Гутерреш "Жедел қажетіліктерді қамтамасыз ету үшін  Украинаға 20 миллион доллар жедел жәрдем беретінімізді хабарлаймын" деді.

1785031
БҰҰ Украинаға 20 миллион доллар береді

Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас хатшысы Антониу Гутерреш Ресейдің шабуылындағы Украина азаматтарына 20 миллион доллар жедел жәрдем беретінін жариялады. 

Гутерреш Нью-Йорктағы БҰҰ орталығында журналисттерге жасаған мәлімдемесінде Украинаға қаржылай жәрдем беретінін білдірді. 

Гутерреш "Жедел қажетіліктерді қамтамасыз ету үшін  Украинаға 20 миллион доллар жедел жәрдем беретінімізді хабарлаймын" деді. 

"Украинаның тәуелсіз территорияларына орыс әскері аяусыз түрде операция жасауда" деген Гутерреш жай халықтың қорғалуының ең басты тақырып екені және халықаралық адам құқықтарының қорғалуы керектігі жайлы үндеу тастады. 

Бас хатшы Ресей президенті Владимир Путинге үн қатып "Президент Путинге үндеуімізді қайталаймын. Әскери операцияны тоқтат. Әскерлерді Ресейге шегер" деген сөздер қолданды. 

Гутерреш алдымыздағы күндерде берілетін шешімдердің әлемді ретке салатынын және миллиондаған адамның өміріне тікелей ықпал жасайтынын, сондай-ақ бұл ұрпақты "соғыс апатынан құтқару үшін" әлі кеш емес екенін баяндады. 

 



Ұқсас жаңалықтар