"5 ұшақ пен 1 тікұшақ құлаттық"

Ресей Украинадағы әуе қорғаныс жүйесіне зиян келтіргенін білдірді.

1784186
"5 ұшақ пен 1 тікұшақ құлаттық"

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинадағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, әскери әуежайлар мен әуе күштерінің «дәлдігі жоғары қарулармен» залалсыздандырылғанын хабарлады.

Ресей Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Украинаның шығысындағы Донбасста жүргізілген арнайы әскери операцияның елдегі бейбіт тұрғындарға қауіп төндірмегені алға тартылды.

«Украинадағы әскери инфрақұрылым, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері, әскери әуежайлар мен әуе күштері жоғары дәлдіктегі қару-жарақпен залалсыздандырылды» деп жарияланды.

Басқа жақтан Украина Қарулы күштері Ресейдің 5 ұшағы мен бір тікұшағының атып түсірілгенін хабарлады.

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның шығысындағы Донбасста арнайы әскери операция бастағанын мәлімдеген болатын.



Ұқсас жаңалықтар