Украинаның бір әскері қаза тапты

Аймақта бітім бұзушылықтар артты.

1783692
Украинаның бір әскері қаза тапты

Донбасста орыс жікшілдердің оғынан Украинаның бір әскері қаза тапты.  Алты әскер жарақат алды.

Украина Қарулы күштері Ресейді жақтайтын жікшілдердің кеше 96 мәрте бітімді бұзғанын білдірді.

Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы да Украина арнайы бақылау миссиясы 21 ақпан күні Донбасста Ресейді жақтайтын жікшілдер мен Украина армиясы арасында 1927 дана бітім бұзу оқиғасы тіркелгенін хабарлады.

Миссия осыға байланысты есеп жариялап,  21 ақпан күні Донецк аймағында 703 бітім бұзушылық болғанын білдірді.  Бұлардың 332-сі – жарылыс. Одан бұрынғы күні 579 бітім бұзушылық тіркелген.

Луганск аймағында болса 1224 бұзушылық тіркелген. Олардың 1149-ы – жарылыс.

Осы арада Донецк пен Луганск аймақтарында «шиеленіс артты» деген себеппен Донбасстан 18 ақпан күні басталған эвакуация жалғасуда. Украина шекарасына жақын Ресейдің Ростов аймағына жеткізілген азаматтар осында қалыптастырылған уақытша қону орталықтарына орналастырылуда.

Ресей Төтенше жағдай министрлігі жеті мың кісінің лагерьлердегі шатырларға, жатақханаларға және қонақүйлерге орналастырылғанын білдірді.  Бұлардың 3200-і – балалар.

Аймақта 14 мың адам сыятын 200 уақытша қону орталығы қалыптастырылды. Эвакуацияланған 90 мыңнан астам азамат Ресейдің 15 аймағына орналастырылды.

Эвакуацияланған азаматтарға гуманитарлық көмек таратылып жатыр. Айырықша Ресей президенті Путиннің нұсқауымен эвакуацияланған азаматтарға 10 мың рубль ақшалай көмек беріледі.



Ұқсас жаңалықтар