Путин Донецк пен Луганскты таныды

«Украинаның шығысындағы Донбасс –Ресейдің тарихи бір бөлшегі» деді.

1782665
Путин Донецк пен Луганскты таныды

Ресей президенті Владимир Путин «Орыс парламенті Донецк және Лугансктың тәуелсіздігіне қолдау береді» деп мәлімдеп «Украинаның шығысындағы Донбасс –Ресейдің тарихи бір бөлшегі» деді.

Владимир Путин кеше ұлтқа үндеу жолдады. Ол Украинаның шығысының бұрынғы орыс жері екенін айтып,  тарихи Орыс империясының бөлшегі болған жерлерді беруге мәжбүр болғандарын айтты. «Өткенді өзгерту мүмкін емес. Бірақ шындықтарды айту керек» деді ол.

«Заманауи Украина Ресей тарапынан құрылды» деген Путин «Украинаны сыртқы күштер басқарып отыр.  Маңызды шешімдерді батыс елдері беруде, халықты қанап отыр» деді.

Орыс лидер Украинаның өздері үшін тек көрші ғана емес,  орыс тарихының бір бөлшегі екенін, украиналықтардың жолдас және ағайын екенін айтты.

Ұлтқа үндеу жолдағаннан кейін Путин Украинаның шығысындағы Ресейді жақтайтын жікшілдердің әкімшіліктерінің мойындалуына байланысты жарлыққа қол қойды. 

Бес баптан тұратын жарлықта Путиннің Ресей Қарулы күштерінің ауыз жүзіндегі Донецк және Луганск халық республикаларында бейбітшіліктің сақталуы үшін жұмыстануы нұсқауын бергені білдірілді. Айырықша Путин Ресей Сыртқы істер министрлігіне де Донецк пен Луганск тараптарымен дипломатиялық қатынастарды бастау тақырыбында келісім жасауға нұсқау берді.



Ұқсас жаңалықтар