Маска қолдану міндеттемесі алынып тасталуы мүмкін

Францияның Денсаулық сақтау министрі мәлімдеме жасады.

1779933
Маска қолдану міндеттемесі алынып тасталуы мүмкін

Францияның Денсаулық сақтау министрі Оливье Веран коронавирустың жаңа түрі (Ковид-19) індеті жеңілдесе, жабық жерлерде маска қолдану міндеттемесі наурыз айының ортасында алынып тасталуы мүмкін деп мәлімдеді.

Веран өз мәлімдемесінде індеттің бүкіл елде ахуалының жақсарғанын және ол осылай жалғаса берсе, бесінші толқын бірнеше аптада аяқталуы мүмкін екенін айтты.

Қажетті шарттар орындалса, наурыз айының ортасында Ковид-19 шараларын жеңілдетуге болатынын білдірген министр бұл үшін реанимация бөлімшелерінде ем қабылдаған адам санының 1000-1500-ге дейін төмендеуі керек екенін және Ковид-19-ға қатысы жоқ ем мен операциялардың  кейінге қалдырылмауы керектігін айтты.

Министр осындай шарттарда жабық жерлерде маскаларды қолдану міндеттемесі наурыз айының ортасында алынып тасталуы мүмкін екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар