Ресей Украинаға шабуыл жасамайды

"Кеше шабуыл жасамадық, бүгін шабуыл жасамадық, ертең де шабуыл жасамаймыз. Өйткені біз ешқашан ешкімге шабуыл жасамаймыз" деді Алексей Ерхов.

1779701
Ресей Украинаға шабуыл жасамайды

Ресейдің Түркиядағы өкілетті елшісі Алексей Ерхов елінің Украинаға шабуыл жасамайтынын хабарлады.

Алексей Ерхов Түркия Телерадио корпорациясына (ТРТ) мәлімдеме жасады.

Батыс елдерінің Ресейдің Украинаны жаулап алатыны жайлы уақыт белгілегенін, алайда мұның ешқайсысы іске аспағанын айтқан Ерхов:

"Осы уақттың біреуі кеше болатын, біреуі бүгін, үшіншісі де ертең. Қалай болды? Жаулап алу іске асты ма?" деді.

Алексей Ерхов  шарттардың провакцияға ашық екенін және дағдарыстың саналы түрде ушықтырылып, Ресейге санкция жасауға талпыныс болғанын айтты.

"Кеше шабуыл жасамадық, бүгін шабуыл жасамадық, ертең де шабуыл жасамаймыз. Өйткені біз ешқашан ешкімге шабуыл жасамаймыз" деді Алексей Ерхов.

Алексей Ерхов Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың НАТО елдеріне хат жолдағанын, бұл хатты Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуна өзі жеткізгенін айтты. 

Ресей елшісі Алексей Ерхов:

"Егер Түркия Украинамен арасындағы "ерекше" байланысын қолданса, Украинаны Минск келісіміндегі жауапкерлігін орындауға көндіруіне болады. Бұған борыштылық сезінеміз" деді.

Алексей Ерхов Ресей президенті Владимир Путиннің Түркия сапарының уақытын кеңескендерін, сапарда жоғары өреде кеңесуді күткен көптеген тақырып болғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар