Африка лигасы Пекинде өкілдік ашады

Аддис-Абебада өткен Африка лигасы саммитінде Қытаймен қарым-қатынасты жақсарту үшін шешімдер қабылданды.

1776430
Африка лигасы Пекинде өкілдік ашады

Африка лигасы Қытаймен саяси және экономикалық қарым-қатынастарын дамыту мақсатында ел астанасы Пекинде «Тұрақты өкілдік» ашу туралы шешім қабылдады.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Эфиопияның астанасы Аддис-Абебада өткен Африка лигасы саммитінде Қытаймен қарым-қатынасты жақсарту үшін қадам басылды. 

Лиганың сыртқы істер министрлерінен тұратын  министрлер кеңесінің саммиттегі ұсынысы аясында биыл Қытайдың астанасы Пекинде тұрақты кеңсе ашуға шешім қабылданды.

Қытайда ашылғалы отырған кеңсенің Африка лигасы реформасы аясында ашылатын кеңселердің бірі екені атап өтілді.

Пекинде  ашылатын тұрақты өкілдікте әр саланың маманы, біреуі тұрақты өкіл болып табылатын кем дегенде 10 адам жұмыспен қамтылады.

Өкілдіктің қашан ашылатыны туралы ақпарат бөлісілген жоқ.

Африкамен саяси және сауда қарым-қатынастарын дамыту мақсатында континент елдерімен саммиттер ұйымдастыратын Қытай Африканың ең ірі экономикалық серіктестерінің бірі болып саналады.



Ұқсас жаңалықтар