Жылда 65 мың бала темекі түтіні себепті қайтыс болуда

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының санағына қарағанда  әлемде жыл сайын 8 миллион адам темекі өнімдерін қолдануға байланысты себептермен қайтыс болатыны білдірілді.

1775444
Жылда 65 мың бала темекі түтіні себепті қайтыс болуда

Әлемде жыл сайын 65 мың бала темекі шегуден туындаған тыныс алу жолдарының инфекциялары себепті 5 жасқа келмей қайтыс болуда.

Темекі өнімдері тек қолданған кісілерге ғана емес, төңірегіндегі адамдардың денсаулығына да зиян салады.

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының санағына қарағанда  әлемде жыл сайын 8 миллион адам темекі өнімдерін қолдануға байланысты себептермен қайтыс болатыны білдірілді.

Бұл өлімдердің 1.2 миллионына темекі өнімдерінің түтініне ұшырау себеп  болуда.

Әлемдегі балалардың мөлшермен жартысы темекі өнімдерінің түтінінде қалуда және жыл сайын 65 мың бала темекі шегуден туындаған тыныс алу жолдарының инфекциялары себепті 5 жасқа келмей өмірден өткені білдірілуде.

Темекі өнімдерінің түтінінде қалу себеп болған денсаулық нашарлауын және өлімдерді тосуда халыққа ашық және жабық алаңдармен бірге жекеменшік түрғын үй мен көліктерде де түтін өнімдерін қолданбау өте маңызды.



Ұқсас жаңалықтар