Колумбиядағы лай көшкінінде 14 адам көз жұмды

Колумбияның Рисаральда аймағындағы лай көшкінінде 14 адам қаза тапты.

1775617
Колумбиядағы лай көшкінінде 14 адам көз жұмды

Колумбияның Рисаральда аймағында тоқтаусыз жаңбыр салдарынан лай көшкіні болды. Лай көшкінінде 14 адам қаза тапты, 35 адам жарақат алды.

Колумбия ұлттық апат және төтенше жағдай басқармасы лай көшкіні салдарынан осы таңға дейін 14 адамның қаза тапқанын, 35 адамның жарақат алғанын мәлімдеді.

Қазір іздеу құтқару жұмыстары жалғасуда. 

Переира қала әкімі Карлос Мая апаттан зардап шеккен аймақтарда халыққа жәрдемдердің жеткізілгенін білдіріп, эвакуациялау жұмыстарының да жалғасқанын баяндады. 

 



Ұқсас жаңалықтар