Кашмир мәселесі бейбіт жолмен шешілуі керек

Имран Хан Кашмир мәселесінің Үндістан мен Пәкістан арасындағы келіспеушіліктің себебі екенін білдірді.

1775493
Кашмир мәселесі бейбіт жолмен шешілуі керек

Пәкістан премьер-министрі Имран Хан Кашмир мәселесінің бейбіт жолмен шешілуін қалайтындарын айтты. 

Қытайдың Ғаламдық телевидение желісіне (CGTN) сұхбат берген Имран Хан Кашмир мәселесінің Үндістан мен Пәкістан арасындағы келіспеушіліктің себебі екенін білдірді.

Имран Хан аймақтық барлық қақтығыстардың диалог жолымен шешілуі керектігін айтып, Кашмир мәселесінің бейбітшіл жолдармен шешімен табуын қалайтындарын білдірді.

Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарсқа меңзеген Хан елге 40 миллион долларлық жәрдем жасалуы үшін  әлемге шақыру тастады.



Ұқсас жаңалықтар