Мьянмада 114 бала өлтірілді

Мьянма армиясы ереуілші және көтерілісші топтарға қарсы қарумен килігуі салдарынан осы таңға дейін  902 адам көз жұмды.

1774986
Мьянмада 114 бала өлтірілді

Мьянма қауіпсіздік күштері өткен жылғы қаңтар айындағы төңкерісінен осы таңға дейін кем дегенде 114 баланы өлтірді. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдемешісі Фархан Хак "2021 жылы 1 қаңтардағы төңкерістен осы таңға дейін кем дегенде 114 бала қауіпсіздік күштері тарапынан өлтірілді" деп көрсетті. 

Хак жарақат алған балалар санының көп екенін мәлімдеді. 

Мьянма армиясы 2020 жылы мемлекетте саяси дағдарыстың туылуынан кейін 2021 жылы 1 қаңтарда билікті тартып алды. 

Мьянма армиясы ереуілші және көтерілісші топтарға қарсы қарумен килігуі салдарынан осы таңға дейін  902 адам көз жұмды. 

Саяси тұтқындарға жәрдем ұйымының санақтарына қарағанда қайтыс болған адам саны 1400-ден асты,  10 мыңға тарта адам бақылау астына алынды. 

 



Ұқсас жаңалықтар