Шейх Раид Салах 15 жылдан кейін Әл-Акса мешітіне кірді

Әл-Акса мешітінің күзетшісі Салахқа 15 жылдан бері тыйым салынған болатын.

1774351
Шейх Раид Салах 15 жылдан кейін Әл-Акса мешітіне кірді

 

Палестина 1948 жылы Ислам қозғалысының солтүстік аумақтық жетекшісі Шейх Раид Салах 15 жылдық тыйымның артынан алғаш рет Әл-Акса мешітіне кірді.

Шейх Салахтың адвокаты Халид Забарка «Әл-Акса мешітінің күзетшісі» деген атпен танымал Шейх Салахтың 2007 жылы 7 ақпан күні салынған тыйымның аяқталуымен басқыншылық астындағы Иерусалимнің шығысындағы ескі қаладағы Акса мешітіне кіргенін атап көрсетті.

Забарка Шейх Салахтың отбасымен Иерусалимнің шығысына барғаны, 15 жылдан кейін Әл-Акса мешітінде ақшам және құптан намаздарын кедергісіз оқығанын білдірді.

Шейх Салахтың Әл-Харам мешітінің кіреберісінде Израиль полициясы тарапынан біраз уақыт тоқтатылғанын мәлімдеген Забарка көптеген палестиналықтың оны Әл-Аксаның кіреберісінде қарсы алғанын айтты.

Шейх Раид Салахқа 2007 жылдың ақпан айында салынған Әл-Акса мешітіне кіру тыйымы ол түрмеге отырған 2020 жылдың 16 тамызына дейін созылды. 13 желтоқсан күні ол түрмеден шыққаннан кейін Израиль барлау мекемесі Салах туралы жаңа бір тыйым салу шешімі қабылдаған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар