Ұлыбритания "Nuvaxovid" атты вакцинаны мақұлдады

Клиникалық сынамада "Nuvaxovid" атты вакцинаның індетке қарсы 89 пайыз қорғағаны білдірілді.

1773170
Ұлыбритания "Nuvaxovid" атты вакцинаны мақұлдады

Ұлыбритания орталығы Америка Құрама Штаттарындағы Novavax компаниясы жаңа типті коронавирус  (Сovid-19) індетіне қарсы жетілдірген "Nuvaxovid" атты вакцинаны мақұлдады.

Ұлыбританияның Дәрілер мен денсаулық сақтау өнімдерін реттеу органынан (MHRA) жасалған мәлімдемеде қауіпсіздік, сапа және әсері сынақтан өткен вакцинаның ересектерге егілген 1-ші және 2-ші компонентінің сенімді болғаны білдірілді.

Мәлімдемеде Novavax компаниясы жаңа типті коронавирус індетіне қарсы жетілдірген "Nuvaxovid" атты вакцина Дәрілер мен денсаулық сақтау өнімдерін реттеу органы (MHRA) Ұлыбританияда қолдануға мақұлдаған бесінші Ковид-19 вакцинасы ретінде тіркелді.

Клиникалық сынамада "Nuvaxovid" атты вакцинаның індетке қарсы 89 пайыз қорғағаны білдірілді.

Ұлыбританияда осының алдында Pfizer/BioNTech, Moderna, Oxford-AstraZeneca және  Janssen вакциналары мақұлданған болатын.



Ұқсас жаңалықтар