Серджо Маттарелла ант беріп, міндетін бастады

Италияда Серджо Маттарелла екінші мәрте президент болды.

1773392
Серджо Маттарелла ант беріп, міндетін бастады

Италияда өткен апта өткізілген президенттік сайлауында қайтадан сайланған Серджо Маттарелла ант беріп, міндетін бастады.

Италия президенті Серджо Маттарелла ант ішу рәсімінен кейін сөз сөйледі. Маттарелла баяндамасында қиын бір кезеңнен өткенін білдіріп, "Парламент және аймақ өкілдері таңдауын жасады. Өзіме жүктелген міндетті атқарамын. Мені екінші мәрте Республиканың береке-бірлігіне өкілдік  өтуге шақырып, маған сенгендері үшін алғыс айтамын" деді. 

Украина дағдарысына да тоқталған Маттарелла "Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғысының трагедияларын басынан өткізген бір құрлықта, соғыстың қайтадан шығуын қабылдамаймыз" деп көрсетті. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар