Иракта ДАИШ-ке қарсы ауқымды операция

Полиция көптеген қару-жарақ, оқ-дәрі және түрлі тұрмыстық материал тәркіледі.

1771959
Иракта ДАИШ-ке қарсы ауқымды операция

Ирак федералды полициясы Киркуктың оңтүстігінде террорлық ұйым ДАИШ-ке қарсы операция бастады.

Киркук полиция дирекциясының баспасөз хатшысы Амир Нури қаланың оңтүстігіндегі Решат аймағы маңында ДАИШ-ке қарсы Ирак полициясының ауқымды операция бастағанын хабарлады. Ол полицияның көптеген қару-жарақ, оқ-дәрі және түрлі тұрмыстық материал тәркілегенін білдірді.

Баспасөз хатшысы айырықша Хашди Шаби күштері қолдау берген операцияның алдымыздағы күндері кеңейтілетінін айтты.

Террорлық ұйым ДАИШ 2014 жылдың маусым айында Ирактың Мосул, Салахаддин және Енбар уәлаяттарын, Дияла мен Киркук уәлаяттарының бір бөлімін басып алған еді.

ДАИШ-тің аймақтан шығарылуы және қалалардың алынуынан кейін шамамен төрт жыл өтсе де, ұйым әлі ауылдық жерлерде шабуылдарын жалғастырып келеді.



Ұқсас жаңалықтар