"Украинаның қауіпсіздігі - біздің де қауіпсіздігіміз"

Джозеп Боррель Украина дағдарысы туралы мақала жазды.

1770687
"Украинаның қауіпсіздігі - біздің де қауіпсіздігіміз"

Еуропалық Одақтың (ЕО) сыртқы байланыстар және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғары өкілі және Еурокомиссияның вице-президенті Джозеп Боррель Украинаның ЕО-ның көршісі және серіктесі екенін мәлімдеді.

«Украинаның қауіпсіздігі - біздің де қауіпсіздігіміз», - деді ол.

Джозеп Боррель Украина дағдарысы туралы мақала жазды.

Боррель өз мақаласында «Украина – біздің көршіміз және серіктесіміз. Оның қауіпсіздігі біздің де қауіпсіздігіміз» деп жазды. Ол Ресеймен мәселені диалог арқылы шешу үшін дипломатияға басымдық беретіндерін, бірақ Ресейден тиісті жауап күтетіндерін айтты.

Украина дағдарысында Америка Құрама Штаттарымен (АҚШ) өте сәтті ынтымақтастық және үйлесімділікпен әрекет еткендерін айтқан Боррель:

«Украина дағдарысында ЕО сахнада болмады деген мәлімдеме шындыққа жанаспайды. ЕО, әсіресе француз және неміс билігі ретінде біз осы дағдарыста өте белсенді дипломатияны ұстанамыз», - деді.

НАТО-мен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеп жатқандарын еске салған Боррель Ресейді шиеленісті ұлғайтуды тоқтатуға шақырғанын қайталады.



Ұқсас жаңалықтар