Тунисте 6 босқын қаза тапты

Құтқару тобының жұмыстарымен 34 кісінің құтқарылғаны, 6 босқынның мәйіті табылғаны білдірілді.

1769791
Тунисте 6 босқын қаза тапты

Тунис су айдынында тұрақсыз босқындар отырған қайықтың батуы себепті 6 босқын қаза тапты.

Тунис ресми агенттігінің хабарына қарағанда Қорғаныс министрлігі Зерсіз қаласының жағалауында бір қайықтың батқаны жайлы хабарына орай іздеу-құтқару жұмыстарын бастағанын мәлімдеген.

Құтқару тобының жұмыстарымен 34 кісінің құтқарылғаны, 6 босқынның мәйіті табылғаны білдірілді.

Құтқару жұмыстары Теңіз күштеріне қарасты сүңгуірлер тарапынан жасалғаны білдірілген мәлімдемеде тұрақсыз босқындардың Африка текті екені хабарланды.

Африканың солтүстігіндегі Тунис пен Ливия елдері Жерорта теңізінен заңсыз жолдармен Еуропаға  баратын босқындар үшін құтылу жолы деп қаралып келеді.



Ұқсас жаңалықтар