F-15 соғыс ұшақтары Эстонияға орналастырылды

Халықаралық баспасөзде аталмыш соғыс ұшақтарының саны 6 екені хабарланды.

1768869
F-15 соғыс ұшақтары Эстонияға орналастырылды

НАТО Ресейдің Украинаға бағыттаған әскери оперциясына сақтық шара мақсатымен Америка Құрама Штаттарына қарасты F-15 соғыс ұшақтарының Эстонияға орналастырылғанын білдірді. 

НАТО Әуе қолбасшылының Твиттер желісінде жарияланған мәлімдемеде Америка Құрама Штаттарына қарасты F-15 соғыс ұшақтарының Эстонияның Амари әуе базасына қонғаны хабарланды.

Дания мен Эстонияға қарасты F-16 типті соғыс ұшақтарының аймақтағы күштерге қосымша ретінде бүгін Литваның Шауляй әуе базасына орналастырылатыны білдірілген мәлімдемеде:

"Әуе бақылауы бірге күштірек" деп жазылды.

Халықаралық баспасөзде аталмыш соғыс ұшақтарының саны 6 екені хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар