"Соғыс шықса, хорват әскерлерін елге шақырамыз"

Хорватия президенті Украина мен Ресей арасындағы соғысқа араласпайтындарын білдірді.

1768335
"Соғыс шықса,  хорват әскерлерін елге шақырамыз"

Хорватия президенті Зоран Миланович Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс асқынған жағдайда, хорват армиясының НАТО-дағы барлық жасақтарын елге шақыратынын айтты.

Миланович Загребте бір зауытқа барған кезінде бір журналистің «Украина мен Ресей арасында соғыс шығып қалса, Хорватияның ролі қандай болмақ?» деген сұраққа «Бұл жағдайдың шын жауаптысы жоқ. Алайда кімнің зиян шегетіні анық. Сондықтан Хорватия мен хорват армиясы осындай соғысқа қатыспайды» деп жауап берді.

«Мен хорват армиясының бас қолбасшысымын. Украина мен Ресей арасындағы шиеленіс асқынған жағдайда, хорват армиясының барлық жасақтарын кері шақырамыз. Аймақта хорват әскерлер болуын қаламаймын» деді ол.

Ол бұл шешімнің Украина және Ресейге еш қатысы жоқтығын айтып: «Шешіміміз Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден билігі мен Америка ішкі саясатының динамикаларына байланысты» деді.

Хорват президент «Украинаның НАТО-да орны жоқ. Украина экономикалық жағынан алға баса алмай отыр.  Ең артта қалған елдер қатарында» деді.



Ұқсас жаңалықтар