НАТО Ресейдің ұсынысына жауап береді

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресейдің өткен ай НАТО-ға жасаған келісім ұсынысына осы апта жазбаша жауап беретіндерін айтты.

1768358
НАТО Ресейдің ұсынысына жауап береді

CNN теледидарында мәлімдеме жасаған НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресей президенттік сарайы Кремлдің ұсынысына НАТО-ның осы апта жазбаша жауап беретіндерін білдірді. 

Столтенберг "Қазір жазбаша мәтін дайындап жатырмыз. Осы апта өздеріне жібереміз. Бұны Америка Құрама Штаттарымен ақылдаса отырып бірге жасаймыз. Өйткені АҚШ бірнеше апта бұрын бір ұсыныс алған еді" деді. 

Столтенберг НАТО-ның қарулардың бақылануы, қарусыздану, әскери әректтерде ашықтық, қауіпті азайту механизмі және Еуропаның қауіпсіздігімен байланысты басқа тақырыптарды қолға алуға дайын екендерін атап өтті. 

"Ресейдің көзқарастарын тыңдауға дайынбыз" деген Столтенберг Украина-Ресей арасындағы дағдарысты шешу үшін әлі де дипломатиялық бір жолдың болғанын түсіндірді. 

Столтенберг сондықтан Ресейдің дағдарысты азайтуға және НАТО-мен шын ниетті түрде кездесуге дайын болуы керектігін айтты. 

Столтенберг "НАТО Украинаға әскери жасақтар жібермейді. Бірақ дайын екенімізге және әсіресе барлық қорғаныс уәделерімізбен байланысты қате түсінік болмауына кәміл сенуіміз керек" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар