Канада Украинадағы қызметкерлерін қайтарып әкеледі

Канада "Канадалықтардың, қызметкерлеріміздің және шетелде міндет атқарғандар мен отбасыларының қауіпсіздігі басты міндетіміз" деп жариялады.

1768229
Канада Украинадағы қызметкерлерін қайтарып әкеледі

Канада Украинада міндет атқарған дипломатиялық қызметкерлерінің отбасын елге әкеледі.

Канада Жаһандық байланыстар кеңсесінен жасалған мәлімдемеде:

"Канадалықтардың, қызметкерлеріміздің және шетелде міндет атқарғандар мен отбасыларының қауіпсіздігі басты міндетіміз" деп көрсетілді.

Мәлімдемеде:

"Украина мен төңірегінде жалғасқан орыс әскерлерінің жиналуы мен тұрақтылықты бұзатын әрекеттері себепті Канада өкілетті елшілік қызметкерлерінің отбасындағыларды уақытша қайтарып әкелуге шешім жасадық. Канада мен Киевтегі Украина өкілетті елшілігіндегі лауазымдылар  жағдайды тығыз бақылауды жалғастырады" деп жазылды.

АҚШ пен Ұлыбритания Украинадағы дипломатиялық қызметкерлерінің отбасындағыларды қайтаруға шешім қабылдаған, шешім Украина Сыртқы істер министрлігі тарапынан "ерте" және "ерекше шараның бейнесі" деп бағаланған болатын. 



Ұқсас жаңалықтар