Буркина-Фасодағы төңкеріске Францияның қатысы бар екені білдірілді

Францияның Буркина-Фасода армиясының билікті бақылауға алуына қатысы бар екені алға тартылды.

1768386
Буркина-Фасодағы төңкеріске Францияның қатысы бар екені білдірілді

Францияның қыркүйек айынан бері Буркина-Фасода армияның билікті бақылауға алуы сценарийі үшін жұмыстанғаны алға тартылды.

Парижде жарияланған Afrika Intelligence интернет парақшасының хабарына қарағанда, француз дипломаттардың қыркүйек айынан бері билікті армияның басып алу сценарийлерімен жұмыс істеп жатқаны және Париж әкімшілігінің 23 қаңтар күні президент Рох Кристиан Кабореге елден дереу кетуін ұсынған.

Француз лауазымдыларының 23 қаңтарда күні бойы Каборемен байланыста болғанын, бірақ алдыңғы күні байланысты үзгенін білдірген хабарда Елисей сарайының бұл айыптауларды теріске шығарғаны атап көрсетілді.

Буркина-Фасода бір топ сарбаз 24 қаңтар күні билікті басып алып, мемлекеттік RTB телеарнасынан мемлекеттік төңкеріс туралы мәлімдемені оқыған болатын. Әскерлер тергеуге алған президент Каборе болса отставкаға кетіп, міндетін тастаған еді.



Ұқсас жаңалықтар