Ядролық келіссөз жалғасуда

Саид Хатибзаде ядролық келіссөздерде уақытша бір келісімнің күн тәртіпте болмағанын айтты.

1767491
Ядролық келіссөз жалғасуда

Иран Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Саид Хатибзаде ядролық келіссөздерде уақытша бір келісімнің күн тәртіпте болмағанын айтты. 

Хатибзаде астана Тегерандағы Сыртқы істер министрлігі ғимаратында ұйымдастырылған апталық баспасөз жиналысында Австрияның астанасы Венада жалғасқан ядролық келіссөздерге байланысты мәлімдеме жасады. 

Саид Хатибзаде "Келіссөздер сәтті өтіп жатыр. Барлық тараптар Америка Құрама Штаттарының бұдан кейін ядролық келісімнен шықпауы керектігін қабылдады. Иран түбегейлі және сенімді бір келісім қалауда. Уақытша бір келісім ешқашан күн тәртіпте орын алған жоқ. Вашингтонның бұны түсінуін тілеймін" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар