Ресей, Иран және Қытай бірлескен теңіз жаттығуларын бастады

Ресей, Иран және Қытай Үнді мұхитының солтүстігінде бірлескен теңіз жаттығуларын бастады.

1766188
Ресей, Иран және Қытай бірлескен теңіз жаттығуларын бастады

Иран ресми хабар агенттігі "IRNA"-ның хабарына қарағанда "2022 теңіз қауіпсіздік белдеуі" атты жаттығуы "Бейбітшілік және қауіпсіздік үшін біргеміз" ұранымен Үнді мұхитының солтүстігінде 17 мың шаршы километр алаңды қамтитын кең байтақ бір аймақта өткізілуде. 

Иран теңіз күштері және Төңкеріс сарбаздары армиясына тиесілі соғыс кемелері және әуе күштері қатысқан жаттығуға Ресей мен Қытай да соғыс және логистикалық кемелерімен қатысуда. 

Жаттығудың мәлімдемешісі адмирал Мұстафа Таджеддин Үнді мұхитының солтүстігінің өте маңызды екенін білдіріп "Бұл аймақ әлем саудасы үшін өте маңызды. Біздің мақсатымыз үш елдің мүдделерін қорғау және жалғастыруға болатын теңіз қауіпсіздігін сақтау. Үш елдің теңіз кемелері қатысатын жаттығулар кеме қауіпсіздігі мен қарақшылықпен күресуге бағытталады" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар