Нигерия халқының 60 пайызы электр жарығынан мақұрым

Нигерияда халықтың 60 пайызының электр жарығынан мақұрым екені жарияланды.

1766183
Нигерия халқының 60 пайызы электр жарығынан мақұрым

Энергетика сарапшысы және Нигерия Ұлттық энергетикалық комиссиясының бұрынғы бас директоры Абубакар Сани Самбо нигериялықтардың 60 пайызынан астамының электр қуатына қол жеткізе алмағанын мәлімдеді.

Нигерияда электр қуаты сұранысының жеткіліксіздігі тақырыбында уайымдарын тілге тиек еткен Самбо елдегі энергетика саласы қиыншылығының саясатты жасау мен жүзеге асыру процесінің нәтижесі екенін білдірді.

Нигерияның халқы үшін электр қуатын өндіретін ресурстары бар екенін атап өткен Самбо «Әлемнің даму жолындағы және дамыған елдері сияқты біз де электр энергиясын өндіру үшін күн энергиясының мол қорын зерттей аламыз» деді.

Самбо энергетика саласындағы тиісті мүдделі тараптарды жергілікті, штаттық және федералды деңгейлерде баламалы энергияны қарастыруға, сондай-ақ Нигерияның жергілікті ресурстары мен қиындықтарына негізделген зерттеу қызметін ынталандыруға шақырды.

Сарапшыларға қарағанда соңғы кезде Нигерияда  халық санының өсуіне қоса электр қуатының жетіспеушілігі салдарынан ормандардың жартысы жойылған.

Электр қуатын өндіруде қиындықтары бар елдің көптеген аймағында электр жиі өшіп қалады.

Тәулігіне орташа 4 сағат электр қуаты қызметі алатын халықтың басым бөлігі энергияға деген қажеттіліктерін генераторлар арқылы қамтамасыз етуде.



Ұқсас жаңалықтар