Үндістанда вирустан 150 мың бала жетім қалды

Үндістан 37 миллион 600 мың адамның жұғымдаулымен вирус ең көп тіркелген екінші ел болды.

1764503
Үндістанда вирустан 150 мың бала жетім қалды

Жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індеті ауыр әсер еткен елдерден Үндістанда мөлшермен 150 мың бала вирус себепті ата-анасынан айырылды.

Үндістан баспасөзіндегі хабарларға қарағанда Үндістан Балалар құқығын қорғау Ұлттық комиссиясы Ковид-19 себепті жетім қалған балалар санағын қоғамға жариялаған.

Санаққа қарағанда 486 мыңнан астам адам қаза болған Үндістанда 2020 жылы 1 сәуірден бері 147 мың 492 баланың шешесі немесе әкесінен, кейбіруі екеуінен де айырылғаны білдірілді.

Әке-шешесінен айырылған баланың 26 мыңнан астамының 8 жастан төмен, 60 мыңының 8-13, 22 мыңының 14-15, 22 мың 626 баланың 16-18 жас арасында екені хабарланды.

Үндістан 37 миллион 600 мың адамның жұғымдаулымен вирус ең көп тіркелген екінші ел болды.



Ұқсас жаңалықтар