"Ресей орыс азаматтарын желеу етеді"

Зеленский америкалық сенаторлар делегациясымен кездесті.

1764209
"Ресей орыс азаматтарын желеу етеді"

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей Украинаның «уақытша басып алынған территориясындағы» азаматтарға төлқұжат беру арқылы Ресей азаматтарын қорғау деген желеумен шиеленісті ушықтыру үшін сылтау іздегенін мәлімдеді.

Украина президенттік аппаратының мәлімдемесіне сәйкес, Зеленский Киевте құрамында Эми Клобучар, Роберт Портман, Крис Мерфи, Жанна Шахин, Ричард Блюменталь және Роджер Уикер бар америкалық сенаторлар делегациясымен кездесті.

Кездесу барысында Зеленский Америка Құрама Штаттары Конгресіне елінің алдында тұрған қауіпсіздік сын-қатерлеріне қарсы украин халқымен ынтымақтастығы үшін алғыс айтты.

Делегацияға Украина шекарасындағы қауіпсіздік жағдайы туралы мәлімет берген Зеленский Ресейге қарсы санкциялар пакетін дайындау қажеттілігіне назар аударды.

Кездесу барысында Зеленский Ресей Украинаның «уақытша басып алынған территориясындағы» тұрғындарға төлқұжат беруді жалғастыра отырып, Ресей азаматтарын қорғау желеуімен шиеленісті күшейту үшін сылтау іздеп жатқанын айтты.

Америкалық сенаторлар да Украинаның егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдайтындарын білдіріп, елдің өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолдарын дербес таңдауға құқығы бар екенін атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар