С.Корея екі баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді

Жапония Қорғаныс министрі Киши Нобуо Солтүстік Кореяның сынақтары туралы мәлімдеді.

1763591
С.Корея екі баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді

Жапония Солтүстік Кореяның бүгін таңертең екі баллистикалық зымыранды сынақтан өткізгенін білдірді.

Жапония Қорғаныс министрі Киши Нобуо Солтүстік Кореяның жергілікті уақыт бойынша сағат 08:49 бен 08:52-де екі бөлек баллистикалық зымыранды ұшырғанын мәлімдеді.

Министр максимум 50 шақырым биіктікте 300 шақырым ұшқаны болжалған зымырандардың теңізге құлағанын атап көрсетті.

Киши «Солтүстік Кореяның зымыран технологиясын жетілдіруге тырысып жатқаны анық. Соңғы кездері бірқатар сынақтар өткізуі халықаралық қоғам үшін аса маңызды проблема» деді.

Жапония Министрлер кабинетінің бас хатшысы Мацуно Хироказу сынақтарға қатысты әзірге ешқандай шығын анықталмағанын мәлімдеді.

Токио үкіметі ресми наразылығын Қытайдағы Жапония елшілігі арқылы Пхеньянға жеткізді.

Зымырандардың Жапонияның ұлттық ерекше экономикалық аймағынан тыс жерге құлауы мүмкін екені атап көрсетілді.

Оңтүстік Кореяның Бас Штаб Басқармасы қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымырандардың бас қала Пхеньянның шетіндегі Сунан әуежайынан ұшырылғанын  мәлімдеді.

Соңғы ұшырылған зымырандарды қосқанда, Солтүстік Корея Жаңа жылдан бері 4-ші зымыран сынағын өткізді.



Ұқсас жаңалықтар