7 жыл "Ең ыстық жылдар" болды

2021 жылы жаһандық көмірқышқыл газы мен метан өресі рекорд дәрежеге жетті.

1760273
7 жыл "Ең ыстық жылдар" болды

Әлем көлемінде соңғы 7 жыл "Ең ыстық жылдар" деп тіркелді.

Еуропа Одағы Коперник Климаттың өзгеруі басқармасының жылдық  қорытындыларына сәйкес атмосфералық парниктік газдардың концентрациясы 2021 жылы бойынша артқаны білдірілді.

2021 жылы жаһандық көмірқышқыл газы мен метан өресі рекорд дәрежеге жетті.

Әлем көлемінде орман өрттерінен пайда болған көміртегі шығарындылары Сібірдегі өртпен бірге артып, жалпы 1850 мегатоннаға жетті. Бұл сан 2020 жылы 1750 мегатонна болған.

Әлемде 2021 жылы орташа ыстық ауа райы 1991-2020 жылдардағы ыстықтан 0.3 градус жоғары, өнеркәсіптен бұрынғы орташадан 1.1-1.2 градус жоғары болды.

Әлем көлемінде осылайша 2015-2021 жылғы кезең үлкен айырмашылықпен "Ең ыстық жылдар" деп тіркелді.

2015, 2018 және 2021 жылдар басты орынға шығуда, 2021 жылы Еуропа, Жерорта теңізінде қатты ыстық ауа райы болды және Орталық Еуропа сел апаттары ауыр бір жаз өткізді. 

Соңғы 30 жылмен салыстырғанда АҚШ пен Канаданың батысы, Солтүстік Шығыс Канада, Гренландия, Орталық және Солтүстік Африка мен Орталық Шығыста ыстық қатты болды.



Ұқсас жаңалықтар