Иран Сыртқы істер министрі Талибан делегациясымен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиян Талибан билігі Сыртқы істер министрінің өкілі Әмирхан Муттакимен кездесті.

1760070
Иран Сыртқы істер министрі Талибан делегациясымен кездесті

Иран Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда экономика және саяси лауазым иелерінен құралған және Талибан билігінің Сыртқы істер министрінің өкілі Әмирхан Муттакидің басшылығындағы делегация астана Тегеранға келді.

Делегация бұл жерде Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Эмир Абдуллахиянмен кездесті.  

Абдуллахиян кездесуде Ауғанстанда түрлі этникалық топтардан құрылатын үкіметке тоқталып, Ауғанстан халқына гуманитарлық жәрдемдерін жалғастыратынын айтты. 

Америка Құрама Штаттарының Ауғанстандағы саясатын сынға алған Абдуллахиян Вашингтон әкімшілігі шектеген Ауғанстан қаржыларын гуманитарлық жәрдем мен экономикалық дағдарысты оңау үшін босатылуы керектігін айтты. 

 



Ұқсас жаңалықтар