Украина мен Ұлыбритания министрлері Ресейді кеңесті

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мен Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Элизабет Трасс телефонда сөйлесті.

1757086
Украина мен Ұлыбритания министрлері Ресейді кеңесті

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мен Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Элизабет Трасс Украинаға шабуылын тосу мақсатымен Ресейге жаңа санкциялар  жасауды телефонда кеңесті.

Украина Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде екі министр Ресейдің Украинаға шабуылшы әрекеті мен келер апта ұйымдастырылатын НАТО, Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы мен Еуропа Одағы түріндегі дипломатиялық кездесулерге байланысты жағдайды талқылағаны білдірілді.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Элизабет Трасс Украинаға қолдауын қайталап "Украина жайлы Украинасыз шешім жасалмайтыны" ережесіне тәуелді екенін атап айтты. 

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Ресейге қарсы саяси, экономикалық және  қауіпсіздік салаларында бетін қайтаратын санкция пакетін атқару жолында берік ілгерлегендерін айтып, Ұлыбританияға осы тақырыптағы қолдауы үшін алғыс айтты.



Ұқсас жаңалықтар