F-35 ұшақтарын ұшырмайтын болды

F-35 флотилиясын ұшырмауға шешім қабылдады.

1757721
F-35 ұшақтарын ұшырмайтын болды

Оңтүстік Корея армиясы бір F-35 әскери ұшағының шассиінде ақау болғандықтан F-35 флотилиясын ұшырмауға шешім қабылдады.

Yonhap ақпарат агенттігінің хабарына қарағанда, Seosan әуе базасында дайындық үшін ұшқан F-35A типті ұшақта ақау болып, апатты жағдайда қонды.

Америка Құрама Штаттарында жасалған бесінші буын ұшақ F-35A үлкен зиян шегуден аман қалды. Ұшқыш жарақатсыз құтылды.

 Корея Әуе күштерінің төрағасының орынбасары Шин Ок-Чул парламентте бір депутатқа оқиғаны баяндап берді.

Оңтүстік Корея армиясының лауазым иелері ақауға байланысты Америка Құрама Штаттарымен бірігіп тексеру жүргізетіндерін, тексеру аяқталғанға дейін 30 ұшақтан тұратын F-35 флотилясының ұшырылмайтынын білдірді.

Оңтүстік Корея 2014 жылы 40 дана F-35- ке сұраныс беріп, 2019 жылы осылардың отызын қабылдап алған болатын.

АҚШ тарапынан жетілдірілген ең қымбат әскери құрал деп аталған F-35 ұшақтары қазірге дейін сегіз апатқа арқау болды.



Ұқсас жаңалықтар