Орыс ұшағы Идлибті бомбалады

Ресейдің Су-34 типті соғыс ұшағы бомбалаған су тарату станциясы күйреген.

1755790
Орыс ұшағы Идлибті бомбалады

Ресейдің әскери ұшағы Сирияның Идлиб уәлаятының батысындағы қаланы сумен қамдайтын негізгі станцияның біреуін бомбалап, қызметін тоқтатты.

Оппозициялық ұшақ бақылау орталығының хабарына қарағанда Ресейге тиесілі Су-34 типті соғыс ұшағы Түркия уақытымен 2 қаңтар күні сағат 12.45-те Идлиб уәлаят орталығы маңындағы Аршани су тарату станциясын бомбалағаны білдірілді.

Бомбалы шабуылдан кейін су станциясы қолданылмайтын күйге келді.

Идлибтегі Азаматтық Қорғаныс топтарының хабарына қарағанда шабуылда бір бейбіт тұрғын жараланған.  



Ұқсас жаңалықтар