Иран вакцина импорт етпейді

Иран жергілікті вакциналар үшін Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымынан мақұлдау алуға дайындалуда.

1755805
Иран вакцина импорт етпейді

Иранның Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасының төрағасы Бахрам Дараи жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы өндірілген вакциналарды импорт етудің тоқтатылғанын айтты.

Бахрам Дараи мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында елдегі вакцина егу жұмыстары мен қолданылған вакциналарға байланысты мәлімет берді.

Тілшінің "Импорт вакцина шектелді ме?" деген сұрағына "Шектелді" деп жауап берген Дараи:

"Қазір шетелден вакцинаны мүлде импорт етпейміз. Үшінші компонент үшін жергілікті вакцинаға сенеміз және қажетімізді қамдайтындай өндіріледі" деді.

Жергілікті өндірісшілердің ай сайын кемінде 15 миллион компонент Ковид-19 вакцинасын өндіретіндерін айтқан Дараи Иран өндірген жергілікті вакциналардың Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымынан мақұлдау алуы үшін құжаттардың жолданатынын білдірді.

Қажетті вакцинаны шетелден импорт ету үшін жылдық 5 миллиард доллар бюджет қажет екенін айтқан Дараи жергілікті вакцина өндіруде ешқандай қиыншылық жоқ екенін тілге тиек етті.   



Ұқсас жаңалықтар