Йеменде хоуситтер базарды нысанаға алды

Йеменде хоуситтердің базарға жасаған зымыран шабуылында 4 бейбіт тұрғын қаза тапты.

1756122
Йеменде хоуситтер базарды нысанаға алды

Йемен ресми ақпарат агенттігі SABA-ның жергілікті ақпарат көздеріне сілтеген хабарына қарағанда, хоуситтер Шебве қаласына қарасты Усейлан ауданында халық базарына зымыран шабуылы жасады.

Шабуылда 4 бейбіт тұрғын қаза тауып, 6 бейбіт тұрғын жарақат алды.

Шабуыл салдарынан базар маңындағы жанар-жағармай құю бекетінде өрт шығып, айналаға үлкен зиян келгені атап көрсетілді.

Хоуситтер болса шабуыл туралы әлі мәлімдеме жасамады.



Ұқсас жаңалықтар