Иранда қарулы қақтығыс

Систан-Белуджистан уәлаятындағы қақтығыста 3 қауіпсіздік қызметкері мен 5 содыр қаза тапты.

1755677
Иранда қарулы қақтығыс

Иранның Систан-Белуджистан уәлаятында қауіпсіздік күштері мен қарулы топ арасында шыққан қақтығыста 3 қауіпсіздік қызметкері мен 5 содыр қаза тапты.

Төңкеріс сарбаздары армиясына қарасты Иерусалим штабы жасаған жазбаша мәлімдемеге қарағанда кеше Систан-Белуджистан уәлаятында қауіпсіздік күштері мен қарулы топ арасында қақтығыс болды.

Қақтығыста 3 қауіпсіздік қызметкері мен 5 содыр қаза тауып, 5 содыр жарақат алды.

Операцияларда қарулы топқа тиесілі лагерьлер мен баспаналарының жойылғаны атап көрсетілді.

Иранның Пәкістан мен Ауғанстан шекарасында орналасқан Систан-Белуджистан уәлаятында соңғы жылдары аймақта "сүннит Белуджи халқының құқығын қорғағанын" алға тартатын террор ұйымы «Джейшул Адл» мен Иран қауіпсіздік күштері арасында жиі қақтығыс болады.



Ұқсас жаңалықтар