Бір отбасыдан 20 адам қаза тапты

Қаза тапқандар арасында алты бала бар екені білдірілді.

1754998
Бір отбасыдан 20 адам қаза тапты

Ирактың Бабиль қаласында қауіпсіздік күштері мен іздеу салынған екі кісі арасында қақтығыс шықты.  Бір отбасыдан 20 кісі қаза тапты.

Бабиль операциялар қолбасшылығы жазбаша хабарлама жариялап, Эр-Решаид аймағында бір үйде террор қылмысынан іздеу салынған екі кісінің ұсталуы барысында қақтығыс болғанын білдірді.

Қауіпсіздік күштері үйді қоршап, іздеу салынған күдіктілермен қақтығыс шықты. Оқиғада бір отбасыдан жиырма адам қаза тапты.

Мәлімдемеде қауіпсіздік күштерінің шығыны туралы айтылмады.

Жергілікті дереккөздер қаза тапқандар арасында алты бала бар екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар