"Кабулды қираудан аман алып қалу үшін қашқанын" алға тартты

Ашраф Ғани BBC-ге мәлімдеме жасады.

1754808
"Кабулды қираудан аман алып қалу үшін қашқанын" алға тартты

Ауғанстанда билікке Талибан келгеннен кейін елден қашқан бұрынғы президент Ашраф Ғани елден «Кабулдың қирауының алдын алу үшін» қашқанын алға тартты.

Көп уақыттан кейін үнсіздігін бұзған Ғани BBC-ге мәлемдімі жасады. Ол Талибан Кабулды алған 15 тамыз күні оянғанда мұның Ауғанстандағы соңғы күні екенін болжай алмағанын айтты.

Ғани ұшақ Кабулдан көтерілгенде ғана елден кеткенін түсінгенін айтты.

Ол Талибанның бастапқыда Кабулға кірмеуді қабылдағанын, алайда екі сағаттан кейін жағдайдың өзгергенін атап көрсетті. «Талибанның екі бөлек франкциясы екі бөлек бағыттан жақындаған еді.  Араларында бес миллиондық қаланы жойып жіберетінде үлкен қақтығыс шығуы мүмкін еді» деді ол.

Ғани ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі және жұбайының Кабулдан кетуіне рұқсат беруді қабылдағаннан кейін бір көліктің өзін Қорғаныс министрлігіне апаруды күткенін, алайда сол көліктің еш келмегенін айтты.

«Маған екі минуттан көп уақыт берілмеді. Нұсқауым Хост уәлаятына жету үшін дайындалу болатын. Маған Хост қаласының құлағанын және Джелалабадтың да құлағанын айтты.  Қайда кетерімді білмедім. Тек көтерілгенде ғана Ауғанстаннан кеткеніміз белгілі болды. Бұл шыныменен бір сәтте болған оқиға» деді ол.

Ол елден кетерде қасына көп ақша алғаны жөніндегі айыптауларды қабылдамады.



Ұқсас жаңалықтар