Гамбияда сайлау қорытындысына наразылық қабылданбады

Гамбия Жоғарғы соты президент сайлауының қорытындысын жою туралы арызды қабылдамады.

1754028
Гамбияда сайлау қорытындысына наразылық қабылданбады

Гамбия Жоғарғы соты 4 желтоқсан күні өткен президент сайлауының қорытындысын жою туралы арызды қабылдамады.

Сот төрағасы Хасан Джаллоу оппозициялық Біріккен демократиялық партияның (ҰДП) наразылығын қабылдамағандарын және сайлау қорытындысының ресми түрде өтімді екенін жариялады.

Оппозициялық ҰДП 4 желтоқсан күні өткен президенттік сайлаудың қорытындысын жою туралы 14 желтоқсан күні Жоғарғы сотқа өтініш берді.

Тәуелсіз сайлау комиссиясының мәлімдемесі бойынша президенттікке 6 үміткер бақ сынаған, қазіргі президент Адама Барроу 457 мың 519 дауыспен жеңіске жеткен болатын.

Президенттікке үміткер оппозиция басшысы Оусайну Дарбое 238 мың 253 дауыс жинап сайлауда екінші орын алған еді.



Ұқсас жаңалықтар