Израильде төртінші доза вакцина

Израиль әлемде белгілі топтарға төртінші доза екпе салдырған алғашқы ел болады.

1751081
Израильде төртінші доза вакцина

Израильде 60 жастан үлкен азаматтар мен медицина саласы қызметкерлерінің төртінші доза екпе салғызуына нұсқау берілді.

Израиль баспасөзінде орын алған хабарларда Израиль премьер-министрі Нафтали Беннеттң медицина кеңесінің төртінші доза вакцина шешімін жақсы қарсы алғаны және вакцина салу үшін нұсқау бергені айтылды.

Осылайша Израиль әлемде белгілі топтарға төртінші доза екпе салдырған алғашқы ел болады. Елде 60 жастан үлкен азаматтар мен медицина саласы қызметкерлері үшінші дозадан 4 ай өткеннен кейін төртінші доза вакцинаны салдырады.

Кеше кешке жиналған Израиль Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты медицина кеңесі осы шешімді қабылдаған болатын. Кеңес тағы 170 кісіде Омикрон штамы байқалғанын білдірді.

Израиль осы жаңа штамм салдарынан қараша айының аяғынан бастап елге шетелдіктердің кіруіне тыйым салған болатын.



Ұқсас жаңалықтар