Еуроодақтан Түркия мәлімдемесі

ЕО-қа мүше елдер Бельгияның бас қаласы Брюссельде бас қосты.

1747737
Еуроодақтан Түркия мәлімдемесі

Еуроодақ Түркиямен ашық және шынайы диалогты жалғастыру, миграция, денсаулық, климат, террормен күрес және аймақтық мәселелер сияқты ортақ мүдделі салаларда ынтымақтасу табандылығын атап көрсетті.

ЕО-ға мүше елдер жылдың соңғы Еуроодаққа жауапты министрлердің Жалпы істер кеңесі отырысы үшін Бельгияның бас қаласы Брюссельде бас қосты.

Министрлер 16 желтоқсан күні өтетін Еуроодақ көшбасшыларының саммитіне дайындық жасап, Еуроодақтың 2022 жылы күн тәртібіндегі тақырыптарын талқылады және Одақтың кеңеюі жөнінде соңғы жағдайды бағалады.

Кездесудің артынан жарияланған қорытынды декларацияда Түркиямен байланысты бағалауға орын берілді.

ЕО-ның Түркиямен ынтымақтастық пен өзара мүдделерге негізделген қарым-қатынасын дамытқысы келетіні еске салынған мәлімдемеде «Түркия үміткер ел мәртебесін сақтап, көптеген ортақ мүдделер саласында негізгі серіктес болуды жалғастыруда» делінді.

Декларацияда Еуроодақ кеңесінің Жерорта теңізінің шығысындағы шиеленістің азаюына ризашылық білдіргені, мұны жалғастырудың маңыздылығына тоқталғаны баса айтылып, ЕО-тың Түркиямен ортақ мүдделі салаларда біртіндеп, қарым-қатынас орнатуға дайын екені еске салынды.

Декларацияда «Кеңес ашық және жылы диалогты қолдауға, ортақ мәселелерді шешуге және көші-қон, денсаулық сақтау, климат, терроризмге қарсы күрес және аймақтық мәселелер сияқты ортақ мүдделі салаларда ынтымақтастық орнатуға ұмтылады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар