Украина Қорғаныс министрі Politico журналына сұхбат берді

Министр Резников Ресейдің оккупациясында 5 миллион украиндық босқынға айналуы мүмкін екенін мәлімдеді.

1747381
Украина Қорғаныс министрі Politico журналына сұхбат берді

Украина Ресей басып кіруге әрекет жасаған жағдайда 5 миллион украиннің босқынға  айналуы мүмкін екенін хабарлады.

Украина Қорғаныс министрі Алексей Резников Politico журналына берген сұхбатында АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин онлайн кездесуінің артынан (7 желтоқсан) Ресейдің Украина шекараларына одан көп әскер жібергеніне назар аударды.

Украина шекарасында қазір 100 мыңға жуық орыс әскерінің бар екенін атап көрсеткен Резников басып кіру әрекетінің екі тарап үшін де үлкен апат болатынын білдірді.

Резников бұл жағдайда екі тараптың да көп шығынға ұшырайтынын және 5 миллион украиндықтың босқынға айналуы мүмкін екенін атап, елдегі 15 атом электр станциясына да қауіп төнетінін баса айтты.

Путин үшін Украинаның соңғы нысанасы емес екенін айтқан Резников соғыстың Еуропаға да тарайтынын алға тартты.



Ұқсас жаңалықтар